https://informburo.kz/img/article/1070/16_main.jpg
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні / Сурет turan.az сайтынан алынды

Алматыда ҚХА мүшелері саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

by

29 мамырда Қазақстан халқы Ассамблеясы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, ОНК мүшелерінің қатысуымен Алматыда онлайн-конференция өткізді.

1997 жылдан бері Қазақстанда 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі.

Биыл соған орай ұйымдастырылған онлайн-конференцияда Алматы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Балғымбаев Назар Албанұлы кіріспе сөз сөйледі.

https://informburo.kz/img/inner/1070/16/365.jpg
"Мен де Қазақстанға қоныс аударған және репрессияға ұшырағандардың арасында болдым. Бізді – алты баланы Ақмола облысына жеткізді. Әліге дейін бізді вагондардан түсіріп жатқаны шала-шарпы есімде. Біз және Қазақстанға қоныстанған өзгелер де берекелі жерге келіппіз, соның айғағы – аман-есен аяққа тұрып, әлі күнге дейін тарихи Отанымызға оралмай, Қазақстанда жақсы өмір сүріп жатырмыз. Мен әке-шешесіз өстім, білім алып, академик дәрежесіне дейін көтерілдім. Сол уақытта біздің аман қалуымызға не көмектесті? Біз қазақ отбасында өмір сүрдік, олардың сол кездегі қиын жағдайға қарамастан бізбен нанын бөліскенін ұмытпаймын. Міне, біздің аман қалуымызға достық пен бірлік көмектескен болатын", – деді "Вашил Братство" ингуш мәдени орталығының төрағасы Оздоев Сұлтан Мәжитұлы.
https://informburo.kz/img/inner/1070/16/.jpg.jpg
"Вашил Братство" ингуш мәдени орталығының төрағасы Сұлтан Оздоев

"Бұл күні біз еске түсіретін бірінші нәрсе – барлық ауыртпалықты, қуғын-сүргіннің ауыр жылдарын бастан кешкен әкелер мен аталар, сондай-ақ, қазақ жеріне және қазақ халқына қолдау көрсеткені үшін алғыс айту күні", – деп атап өтті Алматы кәріс мәдени орталығы төрағасының орынбасары Кан Георгий Васильевич.

Конференцияға қатысқан Алматы қаласы ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ахметжан Бакримович Шардинов өз баяндамасында сол жылдары репрессияға ұшыраған тұлғалар арасынан жарқын үлгілерді мысалға келтірді. Қазақ халқы мен қазақ жеріне ыстық ықыласы мен алғыс сөздерін "Ахыска" түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Қазақбай Таштемірұлы Қасымов та арнады. Ал бұл оқиғалардың ерекше маңызы туралы "Ирныхас" осетин мәдени-ағарту орталығының төрағасы Қазбек Владимирович Мамсуров атап өтті. Онлайн кездесуде жастар атынан Қазақстан Республикасы күрдтерінің "Барбанг" қауымдастығы Алматы филиалының төрағасы Набиев Вакиль Гусейнович сөз сөйледі.

https://informburo.kz/img/inner/1070/16/_.jpg
Күрдтердің "Барбанг" қауымдастығы Алматы филиалының төрағасы Вакиль Набиев

31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы парақтары саналатын жаппай саяси репрессиялар мен миллиондаған адамның өліміне әкеліп соққан ашаршылық құрбандарын еске алу күні.