https://informburo.kz/img/article/1070/5_main.jpg
Жазғы мектепке бару міндетті емес, оны оқушының өзі шешеді / Фото Informburo.kz

Алматыда оқушылар жазғы мектепте IV тоқсан сабақтарын оқи алады

by

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайға қарай 15-17 тамызда жазғы мектепті ашу жоспарланып отыр.

Алматыда оқушылар жазғы мектепте IV тоқсанның материалдары бойынша қосымша білім ала алады. Бұл туралы Алматы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнара Ермекбаева мәлімдеді.

Тамыз айында әрбір орта білім беру ұйымында 1-10 сынып оқушылары үшін жазғы мектеп ұйымдастырылады. Жазғы мектепке бару-бармау балалардың өз еркінде.

Оқи отырыңыз: Соңғы қоңырау салтанаты 3-4 маусымда, ҰБТ өз уақытында өтеді

"Эпидемиологиялық жағдай жақсы болса 15-17 тамызда жазғы мектепті ашу жоспарланып отыр. Төртінші тоқсанды қашықтан оқығандықтан балалар қалауы бойынша жазғы мектепке бара алады. Департамент оған дейін қосымша, нақтырақ ақпарат береді", – деді Гүлнара Ермекбаева.

Жазғы мектептегі санитарлық норма талаптарын қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бекітеді.

Оқи отырыңыз: Оқушыларға арналған гранттар. Qazbilim олимпиадасына қалай қатысуға болады?

Карантин кезінде халық арасында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің 15 мамырдағы 28-қаулысымен қала, қала сыртындағы сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлер қызметіне тыйым салу туралы шешім қабылданды. Сондықтан биыл балаларға арналған демалыс лагерьлері жұмыс істемейді.