https://informburo.kz/img/article/1069/0_main.jpg
Коронавирус жұқтырған 2 науқас көз жұмды / Сурет depositphotos.com сайтынан алынды

Коронавирус Қазақстанда: 26 мамыр оқиғалары. Бір тәулікте Covid-19 жұқтырған 335 адам тіркелді

by

Коронавирус жұқтырғандар саны 9 304-ке жетсе, соңғы тәулікте 98 науқас емделіп шықты.

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. 74 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.

26 мамыр. Коронавирус жұқтырғандар саны – 9 304

Жазылғандардың жалпы саны – 4 613.

Көз жұмғандар – 37.

Коронавирус жұқтырған 2 науқас көз жұмды

Олар:

"Қазақмыс" кенішінде 300-ден астам адам коронавирус жұқтырды

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, қазіргі таңда "Нұрқазғанда" 300-ден астам науқас анықталған. Олардың 163-і - кеніштің жұмысшылары, қалғандары - сол азаматтармен жақын байланыста болған адамдар.

"Кейбір жұмысшылардың коронавирус жұқтыруына олардың немқұрайдылығы себеп болған. Мысалы, бір жұмысшы карантин режиміне қарамастан, Жезқазғанға ауызашарға барып, вирусты сол жердегі 13 туысына жұқтырған. Ауызашарға жалпы саны 17 адам қатысқан", – деді әкім.

Кеніштің эпидемиологиялық жағдайы қазір қатаң бақылауға алынған. Санитарлық қызмет өкілдері кеніште зарарсыздандыру жұмысын жүргізіп, науқастармен байланыста болған адамдарды оқшаулаған. Әзірше кеніш жұмысы карантинге жабылып тұр. Ашылған соң, ол вахталық режиммен жұмыс істейді.

Бұл кәсіпорында алғаш рет вирус жұқтырғандар 6 мамырда анықталған еді. Осы оқиғадан соң, компания басшылығы ұжымдағы барлық қызметкерлерді тексеріп, анализ тапсыртқызған.

Карантин басталғалы Қарағанды облысында 662 адам Covid-19 жұқтырғаны белгілі болды. Облыста қазірге дейін 190 адам ауруханадан шығып, үш науқас көз жұмды.

Оқи отырыңыз: 42 500 теңге тағайындалмаған азаматтардың өтініші қайта қаралады. Ол үшін не істеу керек?

Алматыда Сovid-19 жұқтырған адамға алғаш рет ота жасалды

Алматыдағы орталық қалалық клиникалық ауруханада жасалған бұл ота 1 сағатқа созылып, сәтті аяқталған. 81 жастағы науқас ауруханаға сан сүйегінің жабық жарақатымен түскен. Алайда, тексеру кезінде оның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оны дереу орталық қалалық клиникалық ауруханасына ауыстырған. Дәрігерлер науқасты бір апта бойы дайындап, ал бүгін эпидемиологиялық шектеулер жағдайында ота жасап шықты.

"Дәрігерлер обаға қарсы киіммен, маска, респиратор, көзілдірік киіп, қиын жағдайда отаға кірісті. Бұл қорғаныс құралдарының бәрі олардың жұмысына кедергі келтірді, ота кезінде дәрігерлердің көруі нашарлап, дем алуы қиындады. Соған қарамастан, мамандар 1 сағат 15 минутқа созылған отаны сәтті аяқтады", – деді орталық қалалық клиникалық ауруханасының өкілдері.

Айта кетерлік бір жайт, Алматыда Сovid-19 жұқтырған жандарға тек осы ауруханада ота жасалады.
Оқи отырыңыз: Оразадан кейінгі ораза. Алты күндік Шәууәл оразасы туралы 11 дерек

Қарағанды облысында карантин кезінде жұмыссыз жандар көбейген

Қарағанды облысында осы жылдың 1 қаңтарында 4 200 адам жұмыссыз болса, карантин кезінде 6 800 адамға жеткен. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек "Saryarqa" телеарнасының тікелей эфирінде хабарлады.

Облыс әкімінің айтуынша, карантин салдарынан жыл басынан бері өңірде жұмыссыздар саны 2 800 адамға артқан. Облыста карантин кезінде көптеген мекемелер жабылған. Алайда, Жеңіс Қасымбек аймақта жыл соңына дейін 40 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады дейді.

"Үкімет Жұмыспен қамту жол картасы бойынша Қарағанды облысына 60 миллиард теңге бөлді. Оның 30 пайызы жаңа нысандарға арналады. Арасында бірнеше мектеп бар. Әр қалада, әр ауданда жаңа нысан салынады. Сонымен қатар, қаражаттың үштен екісі күрделі және орташа жөндеуге жұмсалады. Ол қала, ауылдардың көшелері, үйлердің шатырлары, медицина, білім беру саласындағы нысандардың жөндеуіне арналады. Осы жұмыстардың аясында 16 мың адам еңбекпен қамтылмақшы", – деді әкім.

Оқи отырыңыз: 42 500 теңге әлеуметтік төлемге шетелге көшкендер мен түрмедегілер де өтініш берген

Аймақтардағы әкімдіктер карантин шараларын бақылауды күшейтеді

Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық еткен ведомствоаралық комиссияның отырысында елдегі карантин шараларын бақылауды күшейту мәселесі сөз болды.

"Карантин талаптарын дұрыс сақтамай отырған аймақтарда коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын көбеюде. Сол себепті аймақтардағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылау күшейтіліп, тиісті шаралар қабылдануы керек", – деді Тоғжанов.

Аймақтардағы әкімдіктер мен мемлекеттік органдарға:

Оқи отырыңыз: Шағын және орта бизнес жағдайы және оны қалпына келтірудің 3 жолы. Әлеуметтік зерттеу

Карантин режимінде сұлулық салондары қалай жұмыс істейді?

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова сұлулық салондары елдегі коронавирус жұқтыру көрсеткіші 5 пайыздан аспаған жағдайда ғана жұмыс істейтінін айтты. Дәрігердің сөзінше, сұлулық салондарының жұмысына қатысты қабылданған қаулыда салондардың ішінде көрсетілетін қызмет түрлеріне қандай да бір шектеу қойылмаған.

"Қазір әр аймақтағы коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші әртүрлі болып отыр. Біз жалпы қазақстандықтар үшін ортақ ереже бекітеміз. Алайда, облыстардағы, тіпті, облыс ішіндегі аудандардағы ахуал әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан, карантин шараларын жеңілдету мәселесі әр аймақтың жекелеген эпидемиологиялық жағдайына қарай қарастырылады", – деді Айжан Есмағамбетова.