https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-12/pic_690/2019120917500754034_2019120917102884701_2019112717493732284_.jpg
Сурет : zakon.kz

Zakon.kz - новости Казахстана

Ақтөбеде мектеп оқушысы емге жиналған банк шотындағы ақшаны ұрлаған

Күдікті тура осы жолмен Қарағанды тұрғынының да ақшасын ұрлаған.

Ақтөбеде мектеп оқушысы науқас баланың еміне жиналған банк есеп шотындағы 790 мың теңге ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Наурызда Ақтөбе тұрғыны белгісіз біреудің (балаға ота жасау үшін жиналған) науқас балаға көмектесемін деген желеумен банк есеп шотында қайырымды жандардан жиналған 790 000 теңге ұрлап кеткенін айтып, полицияға шағымданған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, яғни "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды, делінеді хабарламада.

Полициядағылардың дерегіне сүйенсек, ақша жиналған бала – жастайынан мүгедек. Оған Санкт-Петербург қаласындағы клиникада ота жасау үшін анасы елден әлеуметтік желі арқылы көмек сұрап, өзінің жекемағлұматтары мен банк картасының нөмірін жариялаған.

Криминалдық полиция қызметкерлері осы бағытта тергеу шараларын жүргізіп, желтоқсанда Ақтөбедегі мектептердің бірінде оқитын 16 жастағы оқушыны ұстады. Ол зардап шегушіге келтірген материальдық шығынды толықтай өтеді.

Сөйтсе күдікті WhatsApp арқылы хат алмасу кезінде әйелдің ұялы телефонына компьютерлік зиянды бағдарламалары бар электронды сілтеме жіберген. Сол себепті ақпараттық жүйеге кіру мүмкіндігіне ие болған ол банк паролін анықтап, жеке кабинеткен кіріп, қаражаттың біршама бөлігін ойын аккаунттарына аударған, ал қалған жартысына Bitcoin сатып алған.

Күдікті тура осы жолмен Қарағанды тұрғынының да ақшасын ұрлаған.

Бұл фактіге қатысты Ақтөбе облыстық полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.