https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-12/pic_690/2019120917462543982_3e1303f6-19e8-4ca4-a9bc-d79e0580e13c.jpg
Сурет : Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Zakon.kz - новости Казахстана

Түркістанда "Сәлем саған, Түркістан" өнер фестивалі өтті

Фестивальдің қорытынды шарасына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов арнайы қатысып, Гран-при иегерлерін марапаттады.

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстың имиджі мен туристік әлеуетін арттыру және түркі әлемінің орталығы ретінде дамуына үлес қосу, мәдениет пен өнердің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету, өнерлі жастарға қолдау көрсету мақсатында мәдениет басқармасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Сәлем саған, Түркістан" өнер фестивалі ұйымдастырылды. 400-ге жуық үміткер додаға түскен ауқымды шараға 2 мыңнан астам көрермен көзайым болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Фестивальдің қорытынды шарасына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов арнайы қатысып, Гран-при иегерлерін марапаттады. Шара аясында классикалық ән орындаушылар, балаларға арналған би, Түркістан облысының дамуы мен тарихи-мәдени киелі орындарын насихаттау мақсатында суретшілер мен фото суретшілердің "Түрленген - Түркістан" байқау-көрмесі, "Open Turkistan" танымдық бейнероликтер, ұлттық киім дизайнерлерінің туындыларын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында "Turkistan fashion" киім дизайнерлерінің байқауы өтті.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-12/1575892087_367d162b-6241-4487-818b-c0363c0fd4df.jpg

Қазылар алқасының шешімімен "Сәлем саған, Түркістан" өнер фестивалі аясында өткізілген балаларға арналған би байқауының бас жүлдесі Түркістан қаласындағы "Шабыт" және Төлеби ауданыннан келген "Көркем" би ұжымдарына табысталды. Бәйдібек ауданынан келген "Асылым", Жетісай ауданынан келген "Шаттық" би ұжымдары жүлделі 1-орыннан көрінді. Ал кентаулық "Шығыс ырғақтары" және сарыағаштық "Еркетай" би ұжымдарына 2-орынды еншілесе, "№1 Сайрам балалар саз мектебі" мен қазығұрттық "Балауса", шардаралық "Ақмаржан" би ұжымдары 3-орынды қанағат тұтты.

Ал, "Түрленген – Түркістан" суретшілер мен фото суретшілердің көрме байқауының кескіндеме номинациясы бойынша бас жүлдесі Нұр-Сұлтан қаласынан келген Маханбет Сейсенханға табыс етілді. Шымкенттік Арман Омаров 1-орынды, шымқалалық Серікбай Жорабеков пен Сейітбек Мажибаев 2-орынды, Шымкенттен келген Бейбіт Бертаев пен түркістандық Мұрат Шаханбаев және шымкенттік Омар Бабажановтар жүлделі 3-орынды қанжығаларына байлады.
Фотосуретшілер сайысында шымкенттік Сүндет Жанадилов бас жүлдеге, Мақсат Шағырбаев жүлделі 1-орынға, Бейбіт Бертаев пен Салауат Жәнібекұлы 2-орынға, оралдық Мейірбек Ташкуранов пен шымқалалық Дәулетияр Балтабаев, нұрсұлтандық Шүкір Шахай жүлделі 3-орын иегері атанды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-12/1575892104_886ca89e-f929-406c-8e99-d298b782a112.jpg

"Open Turkistan" бейнероликтер сайысында шымкенттік Еркін Марғұлан бас жүлдеге қол жеткізді. Айдана Көшен 1-орын, Алихан Конкин 2-орын, Әбдінаби Данияр 3-орынды қанжығаларына байлады.

Бұдан бөлек, 7-12 жас аралығында классикалық ән орындаушылар сайысының бас жүлдесіне Төлеби ауданының өнерпазы Ғаламат Халық лайық деп танылды. Сарыағаштық Айша Уалихан 1-орын, түркістандық Базарбай Ізбасар 2-орын, арыстық Арман Абдрахман 3-орын иегерлері атанды. Ал, 13-17 жас аралығында төлебилік Ақбота Мұратқа тең келер ешкім болған жоқ. Шымкент қаласының өнерпазы Асқар Рысбек 1-орын, жетісайлық Бекасыл Сыйқымбай 2-орынды иеленсе, түлкібастық Диана Ерсерікқызы жүлделі 3-орыннан табылды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-12/1575892114_e375654f-379d-4ff3-b17f-059bfe5d5aae.jpg

Сонымен қатар, "Turkistan fashion" ұлттық киім дизайнерлерінің байқауының бас жүлдесі Несібелі Есқараеваға, 1-орын Іңкәр Мұхтарға, 2-орын Гаухар Қапақоваға, 3-орын Салтанат Омароваларға бұйырды.

Айта кетейік, алдын-ала басқармамен бекітілген байқау қағидаларына сәйкес, "Open Turkistan" бейнероликтер байқауына 93 бейнеролик келіп түссе, "Turkistan fashion" ұлттық киім дизайнерлерінің байқауына 50-ге жуық еңбек ұсынылып, финалға 10 дизайнердің жұмысы таңдалып алынды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-12/1575892133_f888a87b-34e3-40a7-bc2d-0569c5ccd36e.jpg

Би байқауына барлық аудан, қалалардан 15 би ұжымы қатысуға өтінім берсе, балалар мен жасөспірімдер арасындағы классикалық ән орындаушылар байқауына алдын ала жүргізілген іріктеу кезеңі арқылы 25 үміткер соңғы кезеңге жолдама алса, "Түрленген – Түркістан" суретшілер мен фото суретшілердің байқау-көрмесіне 33 кескіндемеші мен 17 фотосуретші өз жұмыстарын ұсынды.