https://informburo.kz/img/article/995/6_main.jpg

"Атамекен" ҰКП рейтингі төмен университеттердің лицензиясын қайтаруды ұсынды - Informburo.kz

by

Білім беру бағдарламаларының 73 пайызы жұмыс берушілердің сұранысына сай келмейді. Ал 60-там астам жоғары оқу орны жұмыссыздар армиясын дайындайды.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова мәлімдеді. Министрлік тапсырысы бойынша "Атамекен" ҰКП білім беру бағдарламаларының рейтингін әзірлеген.

Оқи отырыңыз: Жастар мамандық таңдауда психолог көмегіне жүгінеді

"Биыл білім беру бағдарламасы бойынша рейтингке Қазақстанның барлық аймақтарынан 109 жоғары оқу орны қатысты", – деді Гүлзат Көбенова.

Рейтинг 17 критерий бойынша жасалса, оның ішінде түлектердің жұмысқа орналасу пайызы мен орташа жалақысы, бітіргеннен кейін жұмыс іздеуге кететін уақыт ұзақтығы, сонымен қатар, бағдарламалардың өзектілігіне баса мән берілген. Рейтинг барысында 90 мамандық қамтылып, Қазақстанның барлық аймақтарынан 700 сарапшыдан 6000 сараптамалық қорытынды алынған. "Зерттеу нәтижелері бойынша бүгінгі таңда білім беру бағдарламаларының 73 пайызы жұмыс берушілердің үмітіне сай келмейтіні анықталды. Жоғары оқу орындары түлектерінің орташа жалақысы 103 мың теңгеден асады", – деді Гүлзат Көбенова.

Оқи отырыңыз: Мемлекет есебінен қалай жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуға болады?

"Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаевтың ойынша, білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып дайындау қажет. Дәл осы тәсілді қолданатын жоғары оқу орындар рейтинг нәтижелері бойынша үздіктердің қатарында:

Ал ең төмен орындарға ие болған жоғары оқу орындарының қатарында келесі университеттер аталды:

"Атамекен" ҰКП мұндай тенденциямен күрес ретінде әкімшілік әдісті ұсынады, яғни оқу орындары болашақ жұмыссыздарды дайындамауы үшін олардың лицензияларын қайтарып алу қажет. Сонымен қатар, рейтинг нәтижесі мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу кезінде ескерелуі тиіс. Олжас Ордабаевтың айтуынша, сапасыз маман дайындайтын жоғары оқу орнына мемлекеттен қаражат бөлінбеуі керек.

"Атамекен" ҰКП мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу ережелеріне өзгерістерді енгізуді ұсынды. Яғни, оқу орнының рейтингі төмен болса, комиссия мұндай білім ордасын мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыту құқығынан айыруы керек.