Zakon.kz - новости Казахстана
Әсет Асавбаев ТРАСЕКА ҮАК ТХ Бас хатшысы болып жаңадан сайланды
Көлік жобасының қазіргі қатысушылары Әзербайжан, Армения, Болгария, Грузия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Румыния, Тәжікстан, Түркия, Украина, Өзбекстан болып табылады.
6 желтоқсанда Бакуде "Еуропа-Кавказ-Азия" көлік дәлізін ұйымдастыру жөніндегі Еуропалық Одақ пен әріптес елдер арасындағы негізгі көпжақты келісімге қол қойылуының 20 жылдығына орай Халықаралық конференция және ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының кезекті 14–ші отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараларға ТРАСЕКА-ға мүше 13 елдің және бақылаушы екі елдің делегациялары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шақырылған өкілдері қатысты. Қазақстан делегациясын ҚР МИИД Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дәурен Сәбитов басқарды. Құрамына Әзербайжандағы Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов, "Қазақстанның автожолшылар Қауымдастығы" ЗТБ президенті Әсет Асавбаев, ТРАСЕКА ҮАК тұрақты хатшылығының ҚР-дағы Тұрақты Өкілдігінің Басшысы (Ұлттық хатшы) Рустан Дженалинов кірді.
ҮАК отырысы барысында қатысушылар өткен кезеңде жүргізілген жұмыстарды талқылап, мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін қарастырды.
Күн тәртібінің негізгі тармағы ТРАСЕКА ҮАК тұрақты хатшылығының жаңа Бас хатшысын сайлауы болды. Дауыс беру нәтижесі бойынша Әсет Асавбаев ТРАСЕКА ҮАК ТХ Бас хатшысы болып жаңадан сайланды. Бұдан басқа, мерейтойлық іс-шара аясында тараптар Баку декларациясын қабылдады.
ТРАСЕКА 1993 жылы Брюссельдегі конференцияда құрылды. Көлік жобасының қазіргі қатысушылары Әзербайжан, Армения, Болгария, Грузия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Румыния, Тәжікстан, Түркия, Украина, Өзбекстан болып табылады.