https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-12/pic_690/2019120911191864864_fb_img_1575864669804.jpg
Сурет : ҚР СІМ

Zakon.kz - новости Казахстана

Қазақстан мен Колумбия визасыз режим орнатты

Екі елдің сыртқы саяси ведомстволардың өкілдері Дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.

Колумбия астанасында екі елдің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі қазақстан-колумбия СІМ-аралық саяси консультациясының кезекті раунды өтті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР СІМ баспасөз хабарламасына сілтеме жасап..

Келіссөздер барысында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев энергетика, тау-кен өнеркәсібі саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың жақсы әлеуетіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының транзиттік және көліктік мүмкіндіктерінің тартымдылығын ескере отырып, шағын және орта бизнес арасында іскерлік байланыстарды орнатуға назар аударды. Қазақстан сыртқы саясат ведомствоның басшысы Мұхтар Тілеубердінің Колумбияның жаңадан тағайындалған Сыртқы істер министрі Клаудиа Блюмға арналған құттықтауларды жеткізе отырып, қазақстандық дипломат Нұр-Сұлтан қаласында саяси консультациялардың келесі раундын оның қатысуымен өткізілетініне сенім білдірді.

Өз кезегінде Колумбия Сыртқы істер министрінің орынбасары Франсиско Эчеверри саяси диалогтың дамуына жоғары баға беріп, 2015 жылдан өткізіліп жүрген қазақстандық дипломаттар мен ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының студенттері үшін испан тілі курстарын жалғастыруға дайын екендігін білдіріп, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кеңеюіне үміт білдірді.

Келіссөздер барысында Тараптар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, жаңа сынақтар мен қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету, ядролық қаруды таратпау және терроризмге қарсы күрес мәселелерімен тығыз жұмыс істеуге қызығушылық білдіре отырып, сондай-ақ ЭЫДҰ-ға қосылудың практикалық аспектілерін талқылады және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара қолдау туралы уағдаласты.

Келіссөздердің қорытындылары бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомстволардың өкілдері Дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды. Келісімге қол қою өзара түсіністік қағидасы негізінде азаматтардың қысқа мерзімді сапарлары үшін жеңілдетілген визалық режимді толықтыратын болды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-12/1575868805_fb_img_1575864667913.jpg