Zakon.kz - новости Казахстана
Билеттері өтпеген Наташа Королева Қазақстанда концерт бермейтін болды
Бұл әншіге деген қызығушылық төмен екен.
8 желтоқсанда Ақтөбеде Наташа Королеваның үлкен жеке концерті өтуі тиіс болған, деп хабарлайды zakon.kz "Диапазон" газетіне сілтеме жасап.
Алайда концертке бір күн қалғанда ұйымдастырушылар билеттердің өтпей қалуына байланысты концерттің өтпейтінін хабарлады.
Әншінің 9 желтоқсанда Қарағандыда жоспарланған концерті де өтпейтін болды.
Билет сатып алған ақтөбеліктерге ақшасы қайтарып беріледі.
Наташа Королеваның концертіне сатылған билеттер құны 10 мың теңгеден 20 мың теңгеге дейін жеткен болатын.