Zakon.kz - Казахстан, Алматы, Астана, Шымкент, Караганда, Тараз, Актобе, Атырау, Уральск, Семей
Нығматулиннің төрағалығымен алдағы жалпы отырыстың басты мәселелері анықталды
Сондай-ақ, алдағы сәрсенбіде "Педагог мәртебесі туралы" және оған ілеспе заң жобасы екінші оқылымда қаралмақ.
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды zakon.kz Мәжіліс Аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап..
Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы Конституциялық заң жобасын қарайды деп күтілуде.
Сондай-ақ, жалпы отырыста Кипр Республикасымен табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы үкіметаралық конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы депутаттар назарына ұсынылмақ. Ол инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасауға, экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу арқылы екі мемлекеттің салқы қызметінің ынтымақтастығын кеңейтеді.
Сондай-ақ, осы күні "Педагог мәртебесі туралы" және оған ілеспе заң жобасы екінші оқылымда қаралмақ.