https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-11/pic_690/2019112914053388307_de4ff3a71979e5cd820c66ebb22a7e4e.jpg
Сурет : сайт столицы

Zakon.kz - Казахстан, Алматы, Астана, Шымкент, Караганда, Тараз, Актобе, Атырау, Уральск, Семей

Елордалық мектептерде "Заманауи Қазақстан. Елбасы көшбасшылығының дәрістері" атты сабақ өтті

Іс-шара оқушылардың назарын Тұңғыш Президенттің ерен еңбектеріне тартуға, жастардың бойында патриоттық және азаматтық жауапкершілік сезімін бекітуге, сондай-ақ өзін-өзі дамыту дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін жетілдіруге бағытталған.

Бүгін елорданың барлық мектептері мен колледждерінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай бірыңғай ашық сабақтар өткізілді. Дәріскерлер ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті мен қала мәслихатының депутаттары, Nur Otan партиясының өкілдері, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара оқушылардың назарын Тұңғыш Президенттің ерен еңбектеріне тартуға, жастардың бойында патриоттық және азаматтық жауапкершілік сезімін бекітуге, сондай-ақ өзін-өзі дамыту дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін жетілдіруге бағытталған. Елордалық Білім басқармасының мәліметтеріне сәйкес, ашық сабақпен. 120 білім беру мекемесінің (мектеп,колледж) 220 мың білім алушысы қамтылды.

«Біз үшін Тұңғыш Президент күнін атап өтудің маңызы зор. Бұл Қазақстандағы халық бірлігі мен келісім күні. Еліміздің Тұңғыш Президенті тарихқа тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері жүзеге асырған тұлға ретінде, әлемдік деңгейдегі көрнекті саясаткер ретінде тарихқа енді, оның бүкіл қызметі өз халқына қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылады. Сондықтан жастардың танымында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі туралы толық түсінігі болуы керек», - деді № 56 мектеп-лицейінің директоры Жұмағазы Әлпішев. Бірыңғай ашық сабақтар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен және еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы бейнероликті көруден басталды.

«Сабақтар ойын түрінде өтеді, онда оқушылар 2-4 командаға бөлініп, әрқайсысы өзінің сайлауалды бағдарламасымен партияны таныстырады. Командалар тұңғыш Президенттің қызметіне негізделген бағдарлама дайындап, оны аудитория алдында қорғады. Сұрақ-жауап қойылды. Елбасының рөлі туралы көбірек білген команда жеңімпаз атанады. Біздің міндетіміз - еліміздің Тұңғыш Президентінің басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері туралы оқушылардың білімін тереңдету», - деді № 72 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Алтынгүл Байжанова.

Елордалық білім беру мекемелерінде педагогтармен бірге белгілі қоғам қайраткерлері, олардың ішінде қазақстандық композитор Төлеген Мұхамеджанов, тележүргізуші, редактор және продюсер, «Kazakh TV» бас директоры Майя Бекбаева, «Елбасы жолы» фильмінде Тұңғыш Президент рөлін сомдаған киноактер Нұрлан Әлімжанов, ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, кәсіпкер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Асқар Пириев, актер Тұрсынбек Қабатов және т.б. сабақтар өткізді.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-11/1575014857_6417922dce2e324fde53396bf960e42d.jpeg
https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-11/1575014845_e3a66de1199feeb000b02cae7104a7c2.jpeg