Zakon.kz - Казахстан, Алматы, Астана, Шымкент, Караганда, Тараз, Актобе, Атырау, Уральск, Семей
Дамуы тұрақты, клиентке бағытталған – БЖЗҚ халықаралық аудиттен сәтті өтті
БЖЗҚ-ның сапа менеджменті жүйесі халықаралық стандарттарға сай деп танылды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігі бойынша алғашқы бақылау аудитінен сәтті өтіп, сертификатын растады, - деп хабарлайды zakon.kz.
Қордың сапа менеджменті жүйесі халықаралық стандартқа сәйкес, клиентке бағытталған деп танылды. Бұл дегеніміз, салымшылар мен алушылардың мүдделері қанағаттандырылып, Қор тиімді басқарылып, зейнетақы қызметтерінің сапасы артып келе жатқанын білдіреді. Осылайша БЖЗҚ сапа менеджменті жүйесін жетілдіріп, өз салымшыларының мүддесі үшін жұмыс істеп жатқанын тағы да растады.
– Бұл аудитті CERT Academy Kazakhstan ЖШС жетекші аудиторлары жүргізді. Бұл ұйым менеджмент жүйесі мен қызметкерлер құрамын сертификаттау бойынша алдыңғы қатарлы TÜV Thüringen e.V (ТЮФ Тюринген, Германия) еуропалық компаниясының ресми серіктесі, – деп атап өтті БЖЗҚ-ның баспасөз қызметі.
Аудит "БЖЗҚ" АҚ Орталық аппаратының тоғыз құрылымдық бөлімі мен Қордың Алматы қаласындағы филиалының екі бөлімшесінде өтті. Сыртқы аудиторлардың жүргізген тексеруі барысында мынадай маңызды тұстар атап өтілді:
- Қор басшылығы мен қызметкерлері сапа менеджменті жүйесін қолдау және жетілдіру үдерісіне белсене қатысады;
- Қызметкерлердің біліктілігі жоғары, көп жылдық тәжірибе мен дайындығы бар;
- Қордың инфрақұрылымын тұрақты түрде қолдау мен жетілдіруге талпыныс жоғары;
- IT- технологияларды қолдану және дамыту тұрақты жүргізілуде;
- Өтініштер, кері байланыс, салымшылар мен алушылардың пікірі мен шағымдары белсенді түрде талданады;
- Қордың Алматы қаласындағы филиалы бөлімшелерінің қызметкерлері сауатты қызмет көрсетеді;
- Тәуекелдерді басқару жұмысы жақсы жолға қойылған.
Қазақстандық БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда "ГНПФ" ЖЗҚ" АҚ негізінде құрылған. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – ҚР Үкіметі (ҚР Қаржы министрлігі "Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ арқылы). 2016 жылдан бері зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру ұсыныстарын жасау ҚР Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілген. Толығырақ ақпарат www.enpf.kz сайтында.