https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-11/pic_690/2019112913380540633_2019112913074936135_2019062817375196880_.jpg
Сурет : zakon.kz

Zakon.kz - Казахстан, Алматы, Астана, Шымкент, Караганда, Тараз, Актобе, Атырау, Уральск, Семей

Сағынтаев: Алматыда қоғамдық автопарктің 90%-ы жаңарды

Алматылықтар үшін ең өзекті мәселенің бірі қоғамдық көліктің жұмысы.

ОКҚ-тегі брифингте Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 2020 жылы Алматының шетіндегі 120 шақырым жаңа жолдың құрылысы басталатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы әкімдігінің алдында тұрған қысқа мерзімді міндет – жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 75%-ға дейін жеткізу. Бүгінгі күні 231 көшедегі 54 шақырым жолдың құрылысы аяқталды.

"Ұзындығы 135 шақырым болатын 147 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2020 жылы Алматының шетінде тағы 120 шақырым жолдың құрылысы басталады", - деп нақтылады Б. Сағынтаев.

Алматылықтар үшін ең өзекті мәселенің бірі қоғамдық көліктің жұмысы. Жолаушылар тасымалының сапасын арттыру – алматылықтардың өмір сүру деңгейін жақсартудағы басты міндеттердің бірі.

"Осыған орай біз қоғамдық көлік санын арттырамыз. Коммерциялық құрылымдар 172 автобус сатып алды. Қала бюджеті есебінен газбен жүретін тағы 260 автобус алынды", - деді қала әкімі Б. Сағынтаев және жаңарған автобус парктерінің 90%-ға жеткенін нақтылады.

Қалада барлық троллейбус желісін модернизациялау басталды. Әкімдік қоғамдық көліктің экологиялық таза түріне көшуге жете назар аударатын болады. Мысалы, көлік өте қажет және ұзын бағыттарға 10 электробус шығарылды.