Zakon.kz - Казахстан, Алматы, Астана, Шымкент, Караганда, Тараз, Актобе, Атырау, Уральск, Семей
Бүгін елордада Оңтүстік-батыс айналма жолы ашылады
Салтанатты рәсім Премьер-министр Асқар Маминнің қатысуымен өтеді.
Бүгін, 29 қарашада Нұр-Сұлтанның І-техникалық санатқа жатқызылатын оңтүстік-батыс айналма жолы ашылады, деп хабарлайды zakon.kz.
Салтанатты рәсім Премьер-министр Асқар Маминнің қатысуымен өтеді.
Алдында бұл автожолдың жоба бойынша жоспарланған 8 қозғалыс жолағының 4 жолағы пайдалануға берілген, соның ішінде әуежайға қатынайтын бағыты да бар. Учаскенің құрылысы барысында жоғары беріктілікпен ерекшеленетін шақпақтасты-мастикалық асфальтбетон қолданылды.
Аталған жол қаланың айналма жолымен жалғанады, оның жалпы ұзындығы – 128 шақырым.
Жоспар бойынша оңтүстік-батыс айналма жолы қолданысқа 2020 жылдың 1 қаңтарда берілуі тиіс болатын. Демек, құрылыс жұмысы мерзімінен бұрын аяқталып отыр.